Бүгіннен бастап қостанайлықтар коронавирусқа қарсы тағы бір вакцинаны таңдау мүмкіндігіне ие, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өңірге қытайлық Vero Cell екпесінің алғашқы 43 мың дозасы жеткізілді. Препарат екпе егу пунктеріне таратылып жатыр.
«Синофарм» компаниясының өнімі – екі дозалы. Жалпы, облыста екпе егу шарасы басталғалы «Спутник V», QazVac, «КоронаВак» және Hayat-Vax вакциналарының алғашқы компонентін 280 мыңға жуық адам салдырған.