• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Әлем 17 Тамыз, 2021

Facebook тәліптердің парақшасын бұғаттайтынын айтты

184 рет
көрсетілді

Facebook әлеуметтік желісі «Талибан» қозғалысын террористік ұйым деп санайтынын растады, сондықтан тәліптерді қолдайтын мазмұндағы ақпаратты таратуға және жариялауға тыйым салды, деп хабарлайды Egemen.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Компания халықаралық қауымдастық шешімін қолдайтынын мәлімдеді. «Талибан»  қозғалысына АҚШ заңына сәйкес террористік ұйым ретінде санкциялар салынған. Сондықтан Facebook қауіпті ұйымдарға қатысты саясатқа сәйкес платформаны пайдалануға шектеу қойды.

«Бұл дегеніміз, тәліптер басқаратын немесе олардың атынан жұмыс істейтін парақшаларды бұғаттайымыз және оларды дәріптеуге, қолдауға және таныстыруға тыйым саламыз», деді компания өкілі.

Ол Facebook-те «Талибанға» қатысты мазмұндағы ақпаратты бақылау және жою үшін сарапшылардың арнайы тобы бар екенін айтты.

Бұл саясат Facebook платформаларына қатысты, әсіресе Instagram мен WhatsApp әлеуметтік желілерінде қатаң бақыланады.