Қазгидромет 18 тамызға арналған ауа райын болжамына орай, үш облыста дауылды ескерту жариялады, деп жазады Egemen.kz.
18 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысында күші 15-20 м/с жел соғады.
Ақмола облысының солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Өте жоғары өрт қауіпі бар.
Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз күші облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 15-20 м/с-ке жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.