• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
TOKYO2020 17 Тамыз, 2021

Токио-2020: Боксшылар мемлекет сыйақысын қайырымдылыққа жұмсайтынын айтты

222 рет
көрсетілді

Бокстан Токио Олимпиадасының қола жүлдегерлері Қамшыбек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосынов мемлекеттік сыйақыны қайырымдылыққа жұмсайтындарын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Бокс федерациясы олимпиадалық команданы марапаттау мақсатында өткізілген баспасөз мәслихатын өткізді. Федерациясының басшылығы спортшылар мен жаттықтырушыларды ақшалай сыйақымен марапаттап, Олимпиадаға қатысқан басқа да боксшыларға бағалы сыйлықтар табыстады. 

Қамшыбек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосыновтың мемлекеттік сыйақыны қайырымдылыққа жұмсау туралы ниеті осы жиында белгілі болды.

Айта кетейік, Олимпиада ойындарында қола жүлде алған спортшыларға 75 мың доллар сыйақы беріледі.

Бұған дейін еркін күрестен Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, балуан Нұрислам Санаев та мемлекеттік сыйақыны қайырымдылыққа жұмсайтынын айтқан болатын.