• RUB:
    4.99
  • USD:
    489.36
  • EUR:
    533.45
Басты сайтқа өту
Қазақстан 17 Тамыз, 2021

Қаламгер Қажыбек Төтекин дүниеден озды

693 рет
көрсетілді

Шыңжаң жазушылар қоғамының, Қазақстан авторлар қоғамының мүшесі, белгілі ақын, жазушы Қажыбек Төтекин қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қажыбек Төтекин - Қытай еліндегі қазақтар арасында жазушылық еңбегімен кеңінен танылған белгілі қаламгер.

Ол 1940 жылы 1 желтоқсанда Қытайдың Тарбағатай аймағы Толы ауданы Майлы тау баурайында дүниеге келген.

Шығармашылығын 1958 жылы «Шұғыла» журналына шыққан «Ұлы жоспар» атты өлеңімен бастаған. Содан бері әдебиеттің барлық жанрында қалам тербеген. Қажыбек Төтекиннің Қытай елінде «Дөңгеленген дүние» атты әңгіме-повестер жинағы, «Сақабаның сатиралары» эссе-әңгімелер жинағы, «Серуен сезімдер» атты жыр кітабы жарық көрген. Бұдан басқа «Жаным саған айтайын» жыр кітабы, «Бойтұмар» әңгіме-эссе кітабы, «Дарымаған қарғыс» атты өлең романы Қазақстанда жарық көрген. Биыл «Атасы мен Едігенің қызықты хикаялары» атты балаларға арналған кітабы мен «Осы шарда мен бармын» атты жыр жинағы баспаға ұсынылған.

Қытай жерінен көшіп келген жазушының шаңырағы Алматы облысына қоныстанған. Белгілі жазушының есімі Қытайдағы мемлекеттік «Әдебиет көркемөнер саласындағы әйгілі адамдар» энциклопедиясына, «20-ғасыр Қытай жазушылары» энциклопедиясына енген.