• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Тамыз, 2021

Батыс Қазақстанда 21 гектар жер өртеніп жатыр

511 рет
көрсетілді

16 тамызда Батыс Қазақстан облысында шыққан өрт аумағы  21 гектарға жетті, деп жазады Egemen.kz.

Орталық Азия жаңалықтар қызметінің жазуынша, Өрт Бәйтерек ауданының Трекино және Володарка ауылдарының арасында шыққан. Құрғақ шөп өртеніп, жақын маңдағы орманды шарпыған. Кейін өрт Орал өзенінің арғы бетіне өткен.  Олар Орал қаласынан 15 шақырым жерде орналасқан.

Құтқарушылар өрт аумағында ойнап жүрген тоғыз баланы және бір ересек адамды құтқарған.

Оқиға орнына тағы 31 құтқарушы жіберілді.

Әзірге өрттің себебі белгісіз. Күннің ыстығы әсеретуі мүмкін деген болжам бар.

«Жаз өте ыстық болып жатыр, оның үстіне ыстық жел жалынды бірден таратып әкетеді. Орманшылар қазір аз. Олар құрғақ шөпті тазалап үлгермейді. Тағы бір фактор — Орал өзені тартылып жатыр. Талдар қурап жатыр», дейді «Жасыл майдан» қозғалысының өкілі Злата Удовиченко.