Бұл туралы Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы босқындармен жұмыс істеу басқармасының басшысы Жыпара Мамбетова хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
«Қырғызстан 1200 этникалық қырғызды қабылдай алады, бірақ дәл қазір ешкім босқын мәртебесін сұрап жатқан жоқ. Бірақ Ауғанстаннан қашқандар бізге де өтуі мүмкін деген болжам бар. Ауғанстандық азаматтар саяси баспана сұрап, екі ай бұрын қайрылған. Қазір Ауғанстанның 73 азаматына «босқын» мәртебесі берілген, тағы 67 ауғанстандықтың өтініші қаралып жатыр. Ол жарты жыл ішінде қаралады», деді ол.
Мәмбетованың айтуынша, ел 1996 жылдан бері БҰҰ босқындар туралы конвенциясының мүшесі болғандықтан, босқындарды қабылдауға міндетті.
Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметі хабарлады.