• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 17 Тамыз, 2021

Автосақтандырудың құны әрқалай

565 рет
көрсетілді

Қазақстанда көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру құны әртүрлі. Freedom Finance Insurance сақтандыру компаниясының зерттеуіне сүйенсек, Алматы мен Шымкент қалаларында автосақтандыру құны өзге өңірлермен салыстырғанда әлдеқайда қымбат екен. 

Қазақстан заңнамасына сәйкес, әрбір көлік иесінің міндетті авто­сақ­тандыру полисі болуы керек. Бұл – күтпеген жағдайлар кезінде көлік иесін қаржылық тұрғы­­дан қорғауды һәм қолдауды қам­та­масыз ету­ге берілген кепілдік. Сақтандыру полисі болмаған жағ­дайда айыппұл салынады. Айып­пұл мөлшері 10 айлық есептік көрсеткішке тең. Бұл дегеніміз – 29 170 теңге.

Қазақстанда автосақтандыру­дың біркелкі тарифі бекітілмеген. Сондықтан оның бағасы әр өңірде әртүрлі. Freedom Finance Insurance сақтандыру компаниясының мамандары жүргізген зерттеу­де көрсетілгендей, ең қымбат сақтандыру полистері Алматы (49,5 мың теңге) мен Шымкент (41,3 мың теңге) қалаларында тіркелген. Ал ең арзан сақтандыру полистерін Ақмола (11,4 мың теңге) мен Жамбыл (12,3 мың теңге) облыстарының тұрғындары пайдаланып жүр.

Еске сала кетейік, көлік құрал­дары иелерінің азаматтық-құ­қық­тық жауапкершілігін міндет­ті сақтан­дыру полисінің құны әр­бір адамға жеке есептеледі. Сон­дай-ақ оның құны бірнеше фак­торға тікелей байланысты. Атап айтқанда, айлық есептік көрсет­кіштің мөлшері, көлікті басқару өтілі, автомобильдің түрі мен жасы, көлік құралы тіркелген өңір, апат­тық коэффициент (бонус-малус) есепке алынады.

– Онлайн-сақтандыру пайда болған сәттен бастап қазақ­стан­дықтар сақтандыру құнын өздері есептей алатын мүмкіндікке ие. Яғни сақтандыру агенттерінің көмегінсіз әрі делдалсыз-ақ есеп-қисапты өздері жүргізе алады. Бұл үшін сақтандыру компаниясы­ның сайтындағы автосақтандыру бөліміне кіріп, жеке сәйкестендіру нөмірін, автокөлік нөмірін және ұялы телефон нөмірін енгізу керек. Полис құнын автоматты түрде есеп­теу үшін аталған деректер жеткі­лікті, – дейді Freedom Finance Insurance мамандары.

Компания өкілдері әлемнің бірқатар еліндегі автосақтандыру полистерінің бағасын да есептеп көрген екен. Мәселен, Германияда полис құны 150 еуродан 1 мың еуроға дейін құбылады. Бұл 176-1 174 АҚШ долларына тең. Ұлыбританияда автосақтандырудың бір жылдағы орташа құны 465 фунт стерлинг деп бағаланып отыр – 645 доллар. Италияда полистің ор­таша құны – 500 еуро – 587 дол­лар. АҚШ-тағы автосақтандырудың орта­ша бағасы 500 доллардан басталад­ы. Жапонияда бұл көрсет­кіш бір жылдық мерзім үшін 117 долларға тең. Қытайлықтар бір жылдық автосақтандыру полисін сатып алу үшін 950 юань – 146 доллар төлейді. Ресейде міндетті автосақтандырудың орташа құны 2 746-4 942 рубль немесе 37-67 доллар тұрады.