Мына мәселені баса айтқымыз келеді: халық Елбасының Жолдауынан жақсылық күтеді. Жұрттың бәрі әлеуметтік желілерді жіті бақылап, Ақорданың Twittrer парақшасын әлсін-әлсін жаңартып, ақпарат агенттіктерінде жарияланған жаңалықтарды назарда ұстап отырды. Осы жылғы Жолдаудың тікелей эфир арқылы емес, интернет кеңістігі арқылы таралғаны оның халық үшін маңызының жоғары екенін бірден айқындады. Себебі, Twittrer мен Facebook секілді әлеуметтік желілерде әлеуметтің ақжолтай ақпаратты ағайынға жеткізіп, дем арасында оған елдің үн қосып жатқанына куә болдық. Заманауи техника халықтың игілігіне осылай жұмыс жасады. Мысалы, бір қолданушы «Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы 15 пайызға артатын болды» деген ақпарат жолдады. Ал оның астына жазылған елдің пікірінде есеп жоқ. Ел Жолдаудан жақсылық күтеді дегенді осындай дүниелерге сүйеніп айтып отырмыз.

Тағы бір мысал. Елбасы Жолдауынан кейін Қызылорда облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері шұғыл жиналды. Сөйтіп, биылғы жылдың ең маңызды құжатын талқылады. Жиынды ашқан облыстық Ассамблея төрағасының орынбасары – хатшылық басшысы Асылбек Жұмабаев биылғы Жолдаудың бұрынғыдан өзгерек екенін ерекше атап өтті.
– Біз Кеңес заманында тәрбиеленген, қалыптасқан ұрпақпыз ғой. Дегенмен, Елбасының Жолдауын әлеуметтік желілер арқылы, ақпарат агенттіктеріне шыққан материалдар бойынша қарап отырдық. Ал жастардың қолдарындағы ұялы телефондары арқылы Жолдаудан үзік-үзік үзінділерін оқығанын көргенде ерекше қуандым. Бүгінде Елбасының сындарлы саясатының арқасында Қазақстан үлкен жетістіктерге жетті. 2050 жылға дейін әлемнің озық 30 елінің қатарына кіретінімізді айтты бүгін Елбасы. Оның тұжырымдамасы алдағы күндері жарияланатынын білдік. Жалақы өседі, шәкіртақы артады. Сонымен қатар, алдағы жылдарда Қазақстанда үш ауысымдағы мектептер болмайды. Елбасы Үкіметке мектептердің барлығының екі ауысымда жұмыс істеуі керектігін тапсырды. Бұл ретте Қызылорда облысында үш ауысымда оқытып жатқан мектептердің жоқ екенін қуанышпен айтқым келеді, деді ол.
Ал «Болашақ» университетінің проректоры Болат Нәсіпов:
– Елбасы қазақ тілінің ғылым мен білім, интернет тіліне айналғанын мәлім етті. Бұл негізсіз емес. Себебі, бүгінде Голландия, Германия секілді Еуропа мемлекеттерінде қазақ тіліндегі ғылыми мақалаларды жариялайтын журналдар шығады. Яғни, Еуропада біз өзіміз жазған еңбектерді еш қиындықсыз жариялай аламыз. Бұл қазақ тілінің әлемдік өркениетке шыққанының бір белгісі. Ал интернет тіліне айналды дегенін бүгінгі Жолдауды жұрттың барлығы ғаламтор арқылы алып, талдап, зерттеп жатқанынан анық аңғаруға болады,– деп ортаға өз ойын салды.
Жиын барысында облыстағы мәдени орталықтардың жетекшілері кезек-кезек сөз алып, Қазақстандағы тұрақтылық пен татулықтың барлығы Елбасының сындарлы саясатының арқасында болып жатқанын жеткізді. Жыл сайын Қазақстан халқына арналатын Жолдаудың өзі мемлекет дамуындағы серпінді құжат екені айтылды.
Сонымен қатар, қызылордалықтар Елбасы Жолдауын теледидар арқылы да тамашалады. Мысалы, кеше ғана «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын Елбасының қолынан алған Абзал Ералиев басқаратын «Абзал және К» толық серіктестігінің ұжымы Жолдауды бірлесе көрді. Ал мұнай өндіру саласында аймақтағы озық компаниялардың бірі «ҚазГермұнай» біріккен кәсіпорнының басшысынан жұмысшысына дейін Жолдауда айтылған сөздерді саралады. Сонымен қатар, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің шәкірттері жаңадан ашылған «Студенттер үйінде» жылдың басты құжатының мәніне бойлады.
Ержан БАЙТІЛЕС,
«Егемен Қазақстан».
ҚЫЗЫЛОРДА.