• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Әлем 18 Тамыз, 2021

НАТО: Ауғанстан терроризмнің ошағына айналмауы керек

383 рет
көрсетілді

Талибан Ауғанстанды терроризм ошағына айналдырмауы керек. Бұл туралы НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг Брюссельде өткен жоспардан тыс отырыс қорытындысының баспасөз мәслихатында  мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ол Ауғанстан Ұлттық әскері тез жеңіліске ұшырайды деп күтпегенін айтты. НАТО күштері Кабулдағы әуежай жұмысын әлі бақылауда ұстайды, себебі шетелдік және жергілікті әріптестерді көшіру қажет.

«Ауғанстан қарулы күштерінің біраз бөлігі жан аямай соғысты, бірақ елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмады. Себебі Ауғанстанның саяси басшылығы Талибанға қарсы шыға алмады, бейбіт келіссөзге қол жеткізе алмады. Осы сәтсіздіктің соңы бүгінгі қасіретті жағдайға әкелді. Өзіміздің және ауған әріптестерімізді көшіріп болдық. Талибан елден кеткісі келетіндердің барлығына мүмкіндік беруі керек. Әуежайды, сондай-ақ жолдар мен шекара бекеттерін ашу қажет», деді НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг.