Түркістан облысына қытайлық «Vero Cell» вакцинасының 52 мың дозасы жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz аймақ басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Енді облыс тұрғындары ресейлік «Спутник V», отандық «QazVac», Sinopharm компаниясының «HayatVax», қытайлық «Coronavac» және «Vero Cell» вакцинасымен егіле алады.
Аймаққа COVID-19-ға қарсы вакциналардың 736 460 дозасы жеткізілді. Бүгінгі таңда I компонентпен 686 742 адам, немесе 96%, II компонентпен - 531 942 адам, немесе 80% егілді.