Еуроодақ босқындар легіне байланысты Ауғанстанмен көршілес елдерге көмектесуге уәде берді. Бұл туралы Еуроодақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты бойынша жоғары өкілі Жозеп Боррель мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Ауғанстанмен көршілес елдерге барған босқындар саны артты. Еуроодақ бұл мемлекеттерге жағдайдың салдарын еңсеруге қолдау көрсетуге дайын», деді ол.
Еске салайық, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш барлық елді Ауғанстаннан босқындарды қабылдауға және оларды депортациялаудан аулақ болуға шақырды.