Тәліптер Ауғанстанның Нангархар провинциясында наразылыққа шыққандарға оқ жаудырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы РИА Новости басылымына тұрғындар арасындағы дерекөз хабар берген. Басылым мәліметінше, қаза тапқандар мен жараланғандар бар.
Тәліптер Ауғанстанның Нангархар провинциясында мемлекеттік туды қолдау үшін наразылыққа шыққандарға оқ жаудырған.
Әсіресе соңғы апталарда Ауғанстандағы жағдай күрделене түскен. Жексенбіде БАҚ пен ақпарат көздері көтерілісшілер шекараның барлық өткелін бақылауға алғанын хабарлады.
Еске салайық, 15 тамызда «Талибан» қозғалысының содырлары Ауғанстанның астанасы Кабулды басып алып, президент сарайына басып кірді. Ауғанстан Президенті Ашраф Ғани елден кетті. Талибан Ауғанстан Ислам Әмірлігін құруға ниет білдірді. Кабул әуежайында дүрбелең басталды - Ауғанстаннан шығудың жалғыз жолы. Мыңдаған адам елден кету үшін, Кабул әуежайындағы әскери ұшаққа жармасты.