• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Тамыз, 2021

Атырауда 14 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті, Egemen.kz.

Бүгін өңірдегі инфекциялық стационарларда 1 789 науқас емделіп жатыр.

«Қазір 3 012 орны бар инфекциялық стационарлардағы жүктеме 59,3%-ды құрайды. Ал, стационарлардың 114 орындық жансақтау бөлімінде емделіп жатқан 100 науқастың жағдайы ауыр. Оның ішінде 14 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды. Мұндағы жүктеме 87,7%-ға жетті», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар