Ресей Премьер-Министрі Михаил Мишустин Нұр-Сұлтанға ұшып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ресей министрлер кабинетінің баспасөз қызметі мәліметінше, Мишустин Қазақстан астанасында жұмыс сапарымен 18-19 тамыз аралығында болады.
«Михаил Мишустин Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Маминмен келіссөздер жүргізеді. Сонымен қатар Ресей Премьер-Министрі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Тұңғыш Президент, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі», делінген ресми хабарламада.
Тараптар өнеркәсіп, энергетика, көлік, мәдени-гуманитарлық салалардағы Ресей-Қазақстан ынтымақтастығын дамытуды талқылайтыны айтылды. Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастықты кеңейтуге және коронавирус инфекциясына қарсы бірлескен шараларға ерекше назар аударылады.