«Талибан» террористік қозғалыс өкілдері Ауғанстанның бейбіт тұрғындарын қару-жарақ пен оқ-дәрілерді тапсыруға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Ауғанстанның бейбіт азаматтары «Талибан» уәкілетті мүшелеріне қару-жарақ пен оқ-дәрілерді тапсыруы керек», делінген қозғалыстың ресми өкілі мәлімдемесінде.
Сонымен қатар тәліптерге қатысты азаматтардың кез келген шағымдары тез қаралатыны айтылды.
Еске салайық, «Талибан» қозғалысының содырлары Ауғанстанның астанасы Кабулға кіріп, елдегі соғыс аяқталғанын мәлімдеген болатын.