• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
21 Қаңтар, 2014

Жұрт жанына жақын

359 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының дәстүрлі Жолдауын шығысқазақстандықтар жан-жақты қуаттауда. Соның бірі облыстық Достық үйінде этномәдени бірлестік өкілдерінің қатысуымен өтті.

 

Мемлекет басшысының дәстүрлі Жолдауын шығысқазақстандықтар жан-жақты қуаттауда. Соның бірі облыстық Достық үйінде этномәдени бірлестік өкілдерінің қатысуымен өтті.

Жиында «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Елбасы Жолдауы – еліміздің ұзақмерзімді «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудың жалғасы болатын бірегей бағдарлама екендігі әңгіме өзегіне айналды. Яғни, бұл құжат арқылы қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуды кезең-кезеңімен жүзеге асыру міндеті тұр.

Қазақстан халқы Ассам­блея­сының мүшесі, армян этномәдени бірлестігінің төрағасы Карэн Нари­манянның қазақ жерін мекен етіп келе жатқанына – 48 жыл. Осы жар­ты ғасырға жуық уақытты ой еле­гінен өткізген ол еліміздің жаңа ғасырда жаңа деңгейге көтеріл­генін жеткізді. Елбасы Жолдауы – мемлекеттің жалпы саяси-экономикалық дамуын қалыптап, негіздеп отыратын тұрақты даму бағдарламасына айналғанын атап өтті.

– Біз Достық үйінде осы саясатқа сүйеніп, еңбек етеміз. Өйткені, Президент саясаты ешкімді алаламайтын, өзекке теппейтін елде тұратынымызға кепілдік береді, көңілімізге сенім ұялатады. Біздің талантты, дарынды жастарымыз өсіп келеді. Сондықтан, білім саласына құйылған қаражатты тиімді пайдалануымыз қажет. Мәселен, мемлекеттік тілді үйрену керек. Кем дегенде, 80 пайыз отандастарымыздың қазақ тілінде сөйлегенін қалаймын, – деді Карэн Нариманян.

Ал «Вайнах» ұлттық-мәде­ни бірлестігінің төрайымы Татья­на Кагерманова Жолдауда белгі­лен­ген межеге қол жеткізу үшін Қазақ­стан халқының бірлігі зор маңызға ие екенін атап өтті.

– Биылғы Жолдау – жұрт­шы­лық­қа өте жақын. Себебі, халыққа басты қажеттілік: әл-ауқатты кө­теріп, білім беру және денсаулық сақтау салаларын жақсартуға және кәсіпкерлікті кеңінен дамытуға басымдық берілген, – деді ҚХА мүшесі Т.Кагерманова.

Думан АНАШ,

журналист.

ӨСКЕМЕН.