• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 18 Тамыз, 2021

Бразилия Президенті коронавирус статистикасын бұрмалады деп айыпталды

218 рет
көрсетілді

Бразилия Сенатының комитеті ел Президенті Джейр Болсонарудың Сovid-19 пандемиясынан қайтыс болғандардың саны жайлы жалған мәліметтерді қолданғанын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

Парламенттік топ одақтың Есеп палатасының қызметкері Александра Маркестің мәлімдемесін қабылдады, ол ел Президентінің «құжаты» шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

«Қолындағы жалған құжатқа негізделген Джейр Болсонару маусым айында Бразилияда COVID-19-дан туындаған өлім-жітім кем дегенде 50 пайызға азайғанын мәлімдеді», деп түсіндірді Маркес.

Сенат комиссиясының басшысы Президент бұл мәлімдемені 2020 жылдың маусымында, елде 475 мыңнан астам коронавирус өлімі болған кезде жасағанын айтты. Болсонару мэрлер мен губернаторларды денсаулық дағдарысымен күресу үшін мемлекеттен көбірек қаржы ресурстарын алу үшін осы сандарды «асыра пайдаланды» деп айыптаған болатын.

«Президенттің осы «жұмыс құжатына» негізделген сөзі мүлдем жауапсыз және орынсыз болды», деді шенеунік.

Комиссияның вице-президенті сенатор Рандольф Родригестің айтуынша, құжатқа «ресми сипат беру үшін» TCU логотипін енгізу жалған ақпарат таратудан гөрі ауыр қылмыс болуы мүмкін.

Айта кетсек, Бразилия Президенті пандемия басталғаннан бері бірнеше рет сарапшылардың үндеулерін елемей, маска киюден бас тартып, оқшаулау шараларын қолдануға қарсы болды. Вирустың таралуына қарамастан, Бразилия азаматтары шетелге ұша берген. Бұл үшін Бразилия кәсіподақтары Президентті сотқа берді.