Нұр-Сұлтан қаласында «Орда базар» базары - «Үркер» бағытындағы жаңа қалалық бағдар іске қосылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қала әкімдігінің тапсырмасы мен «Үркер» тұрғын алабы тұрғындарының өтініші бойынша 19 тамыздан бастап «Орда базар» базары - «Үркер» қатынасымен №45 жаңа қалалық маршрут іске қосылады», деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметі.
Бағыттың қозғалыс сызбасы Алаш тас жолы арқылы өтеді: («Орда базар» базары) – Бөгенбай батыр даңғылы – Республика даңғылы – Қабанбай батыр даңғылы – Сарайшық көшесі – Мұхамедханов көшесі – Ш.Айтматов көшесі – Қорғалжын тас жолы – ары қарай «Үркер».
Атап өтілгендей, автобустарды нақты уақыт режимінде бақылау 2GIS қосымшасында да қолжетімді.
«Қоғамдық көліктерде бетпеде кию режимін сақтауды еске саламыз. Жол жүру төлемі қолма-қол ақшасыз, тек көлік картасымен немесе QR-кодты сканерлеумен жүргізіледі», депінген хабарламада.