• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Коронавирус 18 Тамыз, 2021

СҚО тұрғындары Vеro Cell вакцинасымен егіле алады

153 рет
көрсетілді

Бүгіннен бастап Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары үшін қытайлық Sinopharm компаниясының Vero Cell вакцинасы қолжетімді, өңірге 13,5 мың доза препарат жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, қытайлық Sinopharm шығарған коронавирусқа қарсы Vero Cell вакцинасы солтүстікқазақстандықтар үшін қолжетімді болды. Бүгін өңірге препараттың алғашқы 13,5 мың дозасы жеткізілді. Ол медициналық мекемелер арасында бөлінетін болады.

Sinopharm компаниясының вакцинасын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы биыл 7 мамырда қолдануға болатын вакциналар қатарына енгізді. Вакцина белсенді емес, екі дозалы.

Жалпы СҚО-да бүгінде 215 мыңнан астам солтүстікқазақстандық вакцинаның тек бірінші компонентін алса, 180 мыңға жуығы толық вакацинация курсынан өтті.