• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Экология 18 Тамыз, 2021

Алматыда 300 мың түп ағаш отырғызылады

537 рет
көрсетілді

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев алдағы күзгі ағаш отырғызу маусымы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

«Алматы» ТА-ның Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирінде қала әкімі қыркүйек айының соңында басталады деп жоспарланған күзгі екпелердің ерекшеліктері туралы баяндады. Ағаш отырғызу жұмыстары бірнеше кезеңде өтеді.

Мәселен, ағаштарды жаппай отырғызу елді мекендердің бойына, соның ішінде, негізінен Наурызбай мен Алатау аудандарындағы Алғабас, Шұғыла және тағы басқа тұрғын кешендерінің айналасына отырғызылады. Сонымен қатар, магистральды көшелердің - Рысқұлов, Абай, әл-Фараби даңғылдарының, Тимирязев көшесінің бойына отырғызылады. Көшет жоқ жерлерге және магистральді көшедердегі үңгілеу жұмыстары аяқталған – Абай даңғылы мен Алатау көшелерінің бойына да ағаштар отырғызылмақ.

Үй жанындағы аулаларды көгалдандыру үшін тұрғындармен дәстүрлі «Жасыл аула» акциясы өткізіледі. Барлығы 300 мың ағаш отырғызу жоспарлануда.

Көктемде Алматыда 64,5 мың ағаш отырғызылды. Биыл тамыр жаюы төмен әрі ауруға бейім болуына байланысты қалада жөке ағашы, сәнағаш, боз арша отырғызылмайды.

Мегаполис әкімі «Жасыл Алматы» акциясы аясында Сосновый борда 5,5 мың қарағай отырғызылғанын айтты. «Табиғат» ЭЫҰ қорының бастамашыл тобы саябақ аумағына 350 қарағай мен 500 алма ағашын отырғызды. Жасыл желекті күту үшін ұңғыма жасалып, суару жүйесі тартылды. Ағаштардың 80%-ы автоматты жүйенің арқасында суарылады.