• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Тамыз, 2021

Зейнетақы жинағы баспана бағасына қаншалықты әсер етті?

432 рет
көрсетілді

Зейнетақы қорынан ақша бөлу кезінде құны шарықтай көтерілген жылжымайтын мүлік нарығы біртіндеп өз қалпына түсе бастайтын сияқты. Сарапшылардың пікірлері осындай ойға жетелейді.

Бұл туралы Telegram-дағы Risk Takers каналында қозғалып, Алматыда баспана шаршы метрінің орташа бағасы жыл басынан бері 459,9 мыңнан 518,1 мың теңгеге дейін өскені сөз болды.

«Индекс 12,65 пайызға қымбат­тап отыр. Елордада да сондай динамика байқалады. Сондай-ақ шаршы метр құнының өсуі облыс орталықтары мен өзге де ірі қалаларда тіркелді. Индекс трендінің оң жағдайда қала беруі баға тұрақталуының әлі де кешеуілдейтінін аңғартатындай. Алайда сату-сатып алу келісімдері санының азаюы арқасында баға өсімі баяулауы мүмкін. Мемлекет құ­ры­лыс­шыларды қолдайтын жаңа ме­ха­низм ойлап шығармайды деп үміт­т­е­неміз. Баға өсімі мен оның тұрақ­­талуы қандай да бір шаралар есе­бінен емес, таза нарықтық тен­­ден­ция­лар әсерімен реттелуі керек», деп жазады аталған канал сарапшысы.

Ал Tengenomika каналының жазуынша, шілде айында жаңа үйлер бағасы 0,4, екінші нарық үйлері 1,1, ал аренда 0,6 пайызға қымбат­таған. Жылдық мөлшерде есептей­тін болсақ, нарықтың аталған сег­менттері 12 ай ішінде 12,9%, 24,9% және 11,9%-ға өскен. Бұл ретте канал сарапшысы 2021-дің жеті айы­ның қорытындысын ескергенде баспана бағасының ұзақ мерзімді үрдісі мен елдегі жалпы инфляция (2012 жылдың қаңтарынан бастап) арасында айырмашылық ұлғайып бара жатқанын айтады.

«Екінші нарық үй бағасы­ның ұзақ мерзім бойғы өсімі 2012 жылдан бері жинақталған инфляция­­­­дан 37 пайыздық пунктке алда тұр. Ал жаңа үйлердің ұзақ мерзім бой­ғы қымбаттау жылдамдығы жи­нақ­­­талған инфляциямен ара­дағы айыр­­маны 2 пайыздық пунктке де­йін қысқартқан. Салыстырар бол­сақ, былтыр желтоқсанда жаңа үйлер бағасының ұзақ мерзімді өсуі жинақталған инфляциядан 10 па­йызға төмен болған. Соңғы рет мұндай жағдай 2013-2016 жыл­дары байқалып еді. Ол кезде тең­ге бағанының құлдырап кетуінен на­рық қызып кеткен болатын. Біз­дің бағалауымыз бойынша, дәл қазіргі сәтте нарықтың қызып кетуі­не БЖЗҚ салымшыларына қор­дағы артық қаражатын пайдала­ну мүмкіндігінің берілуі себеп болды», деп жазады Tengenomika.

Құрылысшылар одағының басшысы Талғат Ерғалиев баспана баға­сының шырқап кетуіне БЖЗҚ әсері тиді деген көзқараспен келіспейді.

«Қазір қоғамның және кейбір мемлекеттік орган басшыларының жылжымайтын мүлік нарығындағы ахуалды дұрыс түсінбей отырғанын көрудеміз. Президент Қ.Тоқаевтың бұл бастамасы шын мәнінде өте тиімді және біраздан бері пәтер­ге қол жеткізе алмай жүрген қазақ­стан­дықтар үшін тамаша мүмкіндік болды. Қазақстандықтар қор қар­жы­сы­ның 40 пайызға жуығын ипо­текалық займдарын өтеуге және емдеуге жұмсады. Шамамен 60 па­йызы бірінші және екінші бас­пана нарығына келіп түсті. Қазір Қазақ­станда 162 мың пәтер сатуға қо­йылған. Бұл – шамамен 11 млн шаршы метрден астам үй. Егер ұсыныс көп, ал халықтың төлем қабілеті тө­мен болса баға өспейді. Демек ұсы­­нысқа қарап елімізде баспана тап­­шы­лығы жоқ екенін аңғарамыз. Сон­дықтан баспана бағасы зей­нет­ақы қар­жы­сының келуімен ас­пан­дады деуге де негіз жоқ. Мо­йын­дау ке­рек, азаматтардың зей­нет­ақы қар­жысы сату-сатып алу келі­сімдерін көбейткен шығар, алайда ба­ғаға әсер еткен жоқ. Баға өсіміне бар­лық құрылыс материалдарының қым­бат­тауы әсерін тигізді. Құрылыс ма­те­риалдары­ның қымбаттауы БЖЗҚ қаржысының шығуымен тұспа-тұс келіп қалды», дейді Т.Ерғалиев.