• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Экология 19 Тамыз, 2021

Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

234 рет
көрсетілді

19 тамызда Қазақстан қалаларының басым бөлігінде жағымды метеорологиялық ахуал күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 19 тамызда Ақтөбе, Нұр-Сұлтан және Қостанай қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Қалған аймақтарда метеорологиялық ахуал бірқалыпты.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.