• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 19 Тамыз, 2021

АҚШ маска режимін 2022 жылға дейін ұзартты

355 рет
көрсетілді

АҚШ коронавирус пандемиясына байланысты көліктегі маска режимін 2022 жылдың 18 қаңтарына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Reuters-ке сілтеме жасап.

Көліктік қауіпсіздік әкімшілігі (TSA) өкілінің айтуынша, аталған шара мақсаты – COVID-19 таралуын барынша азайту. Саяхатта вирус жұқтыру қаупі жоғары. Бұл, әсіресе COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған адамдарға қатысты.

Бұған дейін көлікте бетперде кию міндеті 13 қыркүйекке дейін болатын.

Енді маска режимі жолаушылар мен қоғамдық көліктің барлық түріне қолданылады: ұшақ, кеме, пойыз, метро, ​​автобус, такси мен тұрақты маршрутты таксилер. Сондай-ақ масканы әуежайда, автобус немесе паром терминалында, теміржол және метро станциясы мен теңіз порты сияқты көлік тораптарында кию керек.