• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Тамыз, 2021

Атырауда сауда желілері жеткізушілерден заңсыз төлем талап еткен

292 рет
көрсетілді

Атырауда азық-түлік жеткізушілерден төлемдерді заңсыз талап еткен сауда желілері анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің мамандары азық-түліктің ритейл нарығына талдау жүргізген.

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын көтерме жеткізушілерден ретро бонустар және дүкен сөрелерінде өнім көрсетілгені үшін маркетингтік төлемдерді талап етуге қатысты «Идеал Маркет» ЖШС (Идеал, Лидер дүкендері), «ТД Ярмарка» ЖШС, «Анвар» ЖШС және «Marco» ЖШС-нің сауда желілері тарапынан бұзушылықтар анықталды.

Мәселен, күнбағыс және сары май, сүт өнімдерін көтерме жеткізушілерімен шарттар жасау кезінде 2%-дан 7%-ға дейін сыйақы төлеу белгіленген. Ішкі сауда қағидаларына сәйкес ішкі сауда субъектісінің (бұл жағдайда жоғарыда көрсетілген сауда желілері) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеде көрсетілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алуына байланысты сыйақы төлеуге жол берілмейді. Бұл қосымша маркетингтік төлемдер есебінен бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында қарастырылған», делінген өңірлік департаменттің ақпаратында.

Осыған байланысты ақпарат тиісті шаралар қабылдау үшін Атырау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне жіберілді.