• RUB:
    5.12
  • USD:
    452.92
  • EUR:
    484.99
Басты сайтқа өту
Білім 19 Тамыз, 2021

Педагогтердің құқығын бұзу туралы 116 өтініш қаралды – БҒМ

319 рет
көрсетілді

Бұл туралы «Білім және ғылым – елдің тұрақты дамуының кепілі» тақырыбындағы педагогтердің Республикалық тамыз конференциясының пленарлық сессиясында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп жазады Egemen.kz.

«Барлық өңірде педагогтердің құқығы бойынша аумақтық кеңестер құрылып, жұмыс істеп жатыр. Жыл басынан бері 116 ресми өтініш түсті. Өтініш бойынша педагогтердің құқығын бұзу фактілері расталды. Олардың көбі Түркістан, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелді. Оның ішінде педагогтерді өзге жұмыстарға тарту, сыйластық танытпау әрі орынсыз мінез-құлық көрсету сынды шағымдар түсті. Педагогтерді жөндеу жұмыстарына, мектеп кабинетін тазалауға тарту, мерзімді басылымға мәжбүрлеп жаздыру фактілері анықталды. Расталған фактілер бойынша кінәлі адамдар әкімшілік жауапқа тартылды», деді А. Аймағамбетов.