• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Тамыз, 2021

Ashyq-та аттас адамдардың статусы ауысып кеткен

414 рет
көрсетілді

Ақтөбе тұрғыны Ashyq жүйесіндегі «қызыл» статусына байланысты бірнеше күннен бері жұмысқа бара алмай, Ashyq жүйесіне қосылған нысандарға кіре алмай жүргенін айтты. Оның айтуынша, жүйеде қате кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы «Диапазон» басылымы мәлімдеді.

«Мен коронавирус жұқтырған жоқпын, бірақ Ashyq жүйесінен өзімді тексергенде «қызыл» статусқа ие екенімді білдім. Қазір бүкіл жерде Ashyq жүйесі қосылғандықтан жұмысыма бара алмаймын, түрлі нысандарға кіре алмаймын.

Коронавирус инфекциясын менімен аттас адам жұқтырғанын білдім. Екеуміздің толық аты-жөніміз бірдей, бірақ туған күніміз бен тұрғылықты мекенжайымыз әр түрлі. Ал деректер базасында оның ЖСН орнына, менің ЖСН енгізіп жіберген. Осындай қателік салдарынан, біреудің немқұрайдылығынан, ұқыпсыздығынан мен бірнеше күн бойы жапа шегіп жатырмын. Бұл дұрыс па? Шын мәнінде вирус жұқтырған адам қазір қалада еркін қыдырып жүр, ал мен үй қамақта отырмын», деді қала тұрғыны Алексей.

Емхана өз қатесін мойындаған, бірақ әзірге қатені ешкім түзеткен жоқ.

№4 емхананың бас дәрігерінің міндетін атқарушы бұл қате жылжымалы бригада дәрігерінің деректерді қате енгізуіне байланысты болғанын айтты. Бұл дерек бойынша ішкі талдау жүргізілді.