• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 19 Тамыз, 2021

Вакцина паспортын сатып алған павлодарлық көз жұмды

757 рет
көрсетілді

Павлодарда вакцина паспортын сатып алғанын мойындаған 60 жастағы әйел қайтыс болды. 27 шілдеде дене қызуы көтерілген науқас арада екі күн өткеннен кейін (29 шілдеде) дәрігерлерге жүгінген, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Науқас 18 күн бойы өкпені жасанды желдету аппаратына қосылып, ауруханада жатты. Науқастың жағдайы тұрақсыз болды. Оған толық ем көрсетілгеніне қарамастан, жағдайы біртіндеп нашарлады. Жүрек қызметін қалпына келтіру мүмкін болмады. Өкінішке қарай, науқас бүгін қайтыс болды», деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.