Батыс Қазақстан облысының «Микробиолог» саяжай қоғамының күзетшісі саяжай иесіне тұтанғыш сұйықтық құйып, оны өртеп жіберді, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Нәтижесінде, ер адам денесі 90% күйік шалып, оны құтқару мүмкін болмады. Қылмыс жасаған күзетші ұсталды.
«Жағдайды анықтау барысында 63 жастағы ер адам өзінің ескі коттеджін бөлшектеуге шешім қабылдағаны анықталды. Бірақ саяжай қоғамының күзетшісі оған кедергі жасай бастаған. Арада жанжал туындап саяжай иесі ашуға булығып, пневматикалық мылтық алып шыққан. Ал бірінші топтағы мүгедек 62 жастағы күзетші оның үстіне жанғыш сұйықтық құйып, өртеп жіберген. Жасаған әрекетін түсінген күзетші отты сөндіруге тырысқанымен жәбірленуші қатты күйік алды. Ер адам алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмды», деді БҚО ПД ресми өкілі Болатбек Белгібеков.
ҚР ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігі (өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.