Қатты жаңбыр Швецияның шығысында су тасқынына айналды. Галле қаласының төңірегіндегі тұрғын үйлерді су басты, деп хабарлайды Egemen.kz DPA сайтына сілтеме жасап.
Судың үлкен ағымы Даларна және Евлеборг провинцияларындағы жолдарды қиратты, теміржол жолдары мен станция платформаларын су басып, елдің батысындағы пойыздардың қозғалысын шектелді.
Полиция азаматтарды үйлерінде қалуға шақырды.
Құрбандар жайлы хабарламалар әлі жоқ.