23 тамыздан бастап қазақстандықтар халыққа қызмет көрсету орталықтарына міндетті брондаусыз бара алады. Бұл ретте Ashyq жүйесі арқылы мәртебесін тексерумен қабылдау сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына сілтеме жасап.
«Міндетті брондау санитарлық дәрігерлердің басты талабы болды, мұндай жұмыс режимі кезектегі барлық адамды қабылдауға мүмкіндік бермеді, ал брондау күні көбінесе бірнеше аптаға созылды. Қауіпсіз және бейтарап мәртебесі бар клиенттер енді мемлекеттік қызметтерді міндетті түрде алдын ала кезек брондаусыз ала алады. Бұл ретте электронды тәсілмен кезекке тұру мүмкіндігі бұрынғы режимде қала береді. Бұл жағдайда клиенттің артықшылығы болады, сондықтан ол операторға ұзақ күтпестен кіре алады. Біз келушілердің ағыны артатынын түсінеміз, сондықтан санитарлық қауіпсіздік шаралары туралы ұмытпауларыңызды сұраймыз – бетперде киіп, әлеуметтік қашықтықты сақтаңыз, санитайзерлерді қолданыңыз», деді «Азаматтарға арналған үкімет» басқармасының төрағасы А.Қожихов.
Бұдан басқа, мемлекеттік корпорация талондарды беру жүйесін Ashyq-пен біріктірді. Бұл ХҚКО-да кезекке талондарды беру кезінде клиенттің мәртебесін тексеруге мүмкіндік береді. Терминалда клиенттің ЖСН теру кезінде ақпарат Ashyq жүйесіндегі деректермен салыстырылады, яғни адамның «қызыл» мәртебесі анықталған кезде бағдарлама талонды басып шығарудан бас тартуды көрсетеді.