• RUB:
    5
  • USD:
    488.91
  • EUR:
    532.62
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Тамыз, 2021

Қарағандыда әйелге қол көтерді деген әкім ақталып шықты

226 рет
көрсетілді

Қарағанды қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Осакаров ауданының Пионер ауылдық округінің әкімін кінәсіз деп таныды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі судья Марат Хожабергенов қарады. Сот жәбірленушінің әкімнің туысы екенін және олардың арасында дұшпандық қарым-қатынас орнағанын анықтады.

Сотта жәбірленуші әкім оған дене жарақатын тигізді деп мәлімдеді. Әйелдің туысы да оның сөздерін растады. Ал әкімнің өзі кінәсін мойындамады. Оның пайдасына бір адам куә болды.

Тараптар айғақтарының сәйкес еместігін ескерген сот жәбірленушіні тексерген сарапшының айғақтарын тыңдап, жарақаттар қақтығыстан бірнеше күн бұрын пайда болғанын айтты.

Сарапшының айғақтарын негізге ала отырып, судья әкімге қатысты әкімшілік іс жүргізуді тоқтатып, тиісті қаулы шығарды.

«Медициналық куәландыру осы жылдың 8 шілдесінде жүргізілді. Сотта сот-медициналық сарапшы жәбірленушіден табылған дене жарақаттары куәландыру кезінде бес тәуліктен астам уақыт ішінде пайда болғанын, ал іс материалдары бойынша жанжал осы жылдың 5 шілдесінде болғанын категориялық түрде мәлімдеді. Бұл күні дене жарақатын алу мүмкін болмады. Сот жоғарыда көрсетілген дәлелдемелерді бағалап, кінәлілікке қатысты кез келген күмән әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған адамның пайдасына түсіндірілетінін ескере отырып, оның іс-әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты Кокишевке қатысты әкімшілік іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы шешім қабылдады», деп атап өтті соттың баспасөз қызметі.