Елге Әзербайжан азаматтарының жақын туыстары мен олардың отбасы мүшелері кіре алады, деп хабарлайды Egemen.kz Kaz.tengritravel.kz-ке сілтеме жасап.
Шекарада олар туыстығын растайтын құжатты және елге кіргенге дейін 72 сағаттан кешіктірмей жасалған ПТР-тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманы ұсынуы керек.
Туристер вакцинациялаудың толық курсынан өткені туралы сертификатты немесе коронавируспен ауырғанын куәландыратын анықтаманы көрсеткен кезде республикаға кіре алады. Сонымен қатар теріс ПТР-тестін ұсынуы қажет.Бұл талаптар тек ересектерге қойылады. 18 жасқа дейінгі балаларда теріс ПТР-тесті болуы жеткілікті, ал 1 жасқа дейінгі балаларға тіпті оны жүргізу қажет емес.
Еске салайық, бұған дейін елге кіру үшін Әзербайжан министрлер кабинетінің оперштабынан рұқсат алу керек болатын. Енді рұқсат немесе виза қажет емес.