• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Әлем 20 Тамыз, 2021

Вьетнамда коронавирустың жаңа толқыны басталды

300 рет
көрсетілді

Бір күн бұрын елде тәулік ішінде COVID-19 жұқтырғандардың ең жоғары көрсеткіші тіркелді, деп жазады Egemen.kz.

Бір күн бұрын елде тәулік ішінде 10 654 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды. 15 адам басқа елден келген.

Алдыңғы рекордтық өсім 14 тамызда тіркелді. Ол кезде бір күнде 9 716 адам вирус жұқтырған еді.

Бүгінгі таңда Вьетнамда вирус жұқтырғандар саны 312 611-ге жетті, оның ішінде 7150-і қайтыс болды.

Сонымен қатар осы уақытқа дейін елдің 94,5 миллионнан астам тұрғынының тек 15,9 миллионы вирусқа қарсы вакцинацияланды.