Таразда Халықаралық «Визуалдаудың заманауи құралдарын қолдана отырып, мультидисциплинарлық эндохирургиялық тәсіл» атты ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қазақстандық эндоскопиялық хирургтар қауымдастығының Президенті, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткер Владимир Котлобовский бастаған Украина, Мәскеу және Қазақстан ғалымдарынан құралған топ 1 апта бойы Тараз қалалық көпбейінді, Жамбыл облыстық көпбейінді, облыстық көпбейінді балалар ауруханасында шеберлік сыныптарын өткізіп, күрделі отадан кейінгі асқынулардың алдын алу және оларды эндоскопиялық құралдардың көмегімен емдеу жөніндегі тәжірибелермен бөлісіп, ересектер мен балалар арасындағы қауіпсіз эндохирургия бағытында тренажерлар мен симуляторлармен практикалық сабақтар өткізді.
Лапароскопиялық операциялардан кейін асқынулар саны және араласудан кейінгі еңбекке жарамсыздық кезеңінің орташа ұзақтығы дәстүрлі хирургиялық емдеумен салыстырғанда 1-2 айдан 3-7 күнге дейін күрт төмендейді. Ғалымдардың тәжірибесі мен білімі – Жамбыл облысында эндобейнехирургияның одан әрі дамуына септігін тигізетіні сөзсіз.
Конференция барысында Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасына лазерлі электрохирургиялық кешен сатып алу үшін 40 миллион теңгенің сертификаты табыс етілді.