• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Әлем 20 Тамыз, 2021

Тәліптер Deutsche Welle журналисінің туысын өлтірді

228 рет
көрсетілді

Ауғанстанның батысында Тәліптер (Қазақстанда және басқа елдерде тыйым салынған ұйым) Deutsche Welle (DW) телерадиокомпаниясындағы журналистің жақын туысын өлтіріп, тағы бір жақынын жаралаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы DW өз сайтында хабарлаған.

Тәліптер Германияда болған журналисті іздеген. Нәтижесінде екі туысын тауып, олардың біреуі ауыр жаралаған.

Журналистің қалған туыстары соңғы сәтте қашып үлгерді және қазіргі уақытта содырлардан жасырынып жүр. Компанияның бас директоры Петер Лимбург осы оқиғаға байланысты Германия үкіметін «шешуші шара қолдануға» шақырды.

«Біздің қызметкерлердің бірінің туысы Тәліптер тарапынан өлтірілуі қазіргі уақытта журналистер мен олардың отбасы үшін Ауғанстанда болу қаншалықты қауіпті екенін көрсетеді», деді Лимбург.

Бұған дейін Ауғанстан журналистерін қорғау комитеті жергілікті БАҚ қызметкерлерінің өміріне қауіп төніп тұрғанын айтқан.