• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Тамыз, 2021

Семейде өрт сөндіру көлігіне кедергі келтіргендерге айыппұл салынды

333 рет
көрсетілді

Семей қаласында өрт сөндіру көлігінің жолын бөгеген 5 жүргізушіге айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өрт сөндіру көлігінің қозғалысына кедергі келтіретіндерді жауапқа тарту мақсатында арнайы рейд жүргізілді.

«Өрт сөндірушілер ғимараттар мен тұрғын үйлердегі қызыл жалынды ауыздықтауға аттанғанда көліктердің барар жолды бөгеп тұруы көп кедергі келтіреді. Осыған байланысты полицейлер мен құтқарушылар Семей қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларына рейдке шықты. Шара барысында 5 жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабы 3-бөлігі (Көлiк құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу) бойынша жауапқа тартылды», делінген ақпаратта.