• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Тамыз, 2021

Алматыға БҰҰ-ның 18 агенттігі орналасты

142 рет
көрсетілді

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин Алматыда орналасқан БҰҰ агенттіктері жайлы ақпарат берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Алматыны көпжақты ынтымақтастықтың өңірлік орталығы деп атауға болады», деді Ақан Рахметуллин ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, Алматыдағы Халықаралық ұйымдардың ғимаратында аймақтық және субөңірлік мәртебеге ие БҰҰ-ның 18 агенттігінің өкілдіктері орналасқан (UNDP, IOM, UNESCO, UNEP, UNAIDS, UNFPA, UNICEF, UNOHCHR, UNODC, UNESCAP, UNHCR, UNISDR, UNOCHA, WHO, UNDSS, UNDGC, UN WOMEN, FAO).

Сонымен қатар қалада басқа да халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық корпус бар.

«Осы тұрғыда Unama-ның уақытша кеңсесінің ашылуы (БҰҰ-ның Ауғанстанға жәрдемдесу жөніндегі миссиясы) қаланың БҰҰ-ның өңірлік хабы ретіндегі мәртебесін одан әрі нығайтуға жақсы көмек болады», деді спикер.