Бұл туралы аталған ұйымның Бас хатшысы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24-ке» сілтеме жасап.
Ол халықаралық қауымдастық ауған халқын қолдайды және қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін елде қалуға ниетті екенін жеткізді. Сондай-ақ ұйым миссиясының мандаты өзгеруі мүмкін. Істің бағыты Ауғанстандағы жағдайға байланысты болмақ.
«Кіммен және қандай мақсатпен сөйлесу керектігі анықталған соң тәліптермен жеке сөйлесуге дайынмын. Мен екі күн Катардың Премьер-Министрінің орынбасарымен және сыртқы істер министрімен сөйлестім. Біз Катардың бастамасын қолдаймыз. Ауғанстанда бірлескен үкімет құрылады деп сенемін», деді БҰҰ Бас хатшысы Ақшантониу Гуттериш.