• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Экология 20 Тамыз, 2021

Бірқазан атқан браконьер ұсталды

842 рет
көрсетілді

 

Алматы облыстық ПД криминалдық полициясы  мен экологиялық полиция 61 жастағы ер адамның көлігінен бірқазанның өлексесін тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«19 тамызда Сарқан ауданының Балқаш көлінің жағасында Алмалы ауылының 61 жастағы тұрғынының көлігін тексерді. Тексеру кезінде көліктен тірі дуадақ пен бірқазанның өлексесі табылды», дейді Алматы облысы бойынша ПД КП бастығының орынбасары Лариса Кан.

Атып алынған құс айтарлықтай азайып кеткеніне байланысты Қызыл кітапқа енгізілген.

«Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің  337-бабы 1-бөлігі бойынша тергеу басталды. Құс атылған мылтық қылмыс құралы түрінде іс құжаттарына енгізілген. Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысы аумағында 9-31 тамыз аралығында экологиялық заңнаманы бұзу фактілерін ашуға бағытталған «Браконьер» шарасы өткізіледі. Дәл осындай шара Қарағанды ​​облысында да өтеді», деп қосты Кан.