• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Тамыз, 2021

Қызылордада техникалық регламент талаптарына сай келмейтін тамақ өнімдері анықталды

357 рет
көрсетілді

Қызылорда облысында техникалық регламент талаптарына сай келмейтін тамақ өнімдері анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне сілтеме жасап.

Департамент шілде айында облыс аумағындағы сауда орындарынан 136 өнім сынамасын іріктеп, зертханалық сараптама жүргізген. Аталған өнімдердің басым бөлігін тағам өнімдерін құрайды. Оның ішінде отандық, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерде және өзге елдерде өндірілгені де бар.

Жүргізілген сараптамалар нәтижесінде 5 сынама техникалық регламент талаптарына сай болмай шықты. 4 сынамада физикалық-химиялық көрсеткіштер және 1 сынамада таңбалау талаптары сәйкес келмеді. Сәйкессіздіктердің барлығы тамақ өнімдерінен анықталды. Оның ішінде ет және құс еті, кондитер өнімдері, алкогольсіз сусындар бар.

«Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама қортындысы бойынша техникалық регламент талаптарына сай келмейді деп танылған сынамалардың барлығы Еуразиялық экономикалық Одаққа мүше елдерде өндірілген. Аталған өнімдер бойынша 2 кәсіпкерлік субъектісіне ҚР-ның халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасы талаптарын бұзушылықты жою жөніндегі нұсқамалар берілді», деп мәлім етті Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.