• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
22 Қаңтар, 2014

Әрбір азамат үшін маңызды

440 рет
көрсетілді

Мемлекеттің ұстанған бағы­ты, даму деңгейі және барар жолы – әрбір азамат үшін маңызды. Осының бәрін саралап, салмақтап баяндап беретін, жеткеніміз бен алдағы міндеттерді айқындайтын құжат – Жолдау. Мемлекет бас­шысы Н.Назарбаевтың биыл­ғы Жолдауы да ел күт­кен жаңа­­лық­тарды айтып, ха­лық­тың бо­лашаққа деген сені­мін ны­ғайтып, тәуелсіз Қазақ­ста­нымыздың келешек келбетін тани түсуімізге оң әсерін тигізді.

 

Мемлекеттің ұстанған бағы­ты, даму деңгейі және барар жолы – әрбір азамат үшін маңызды. Осының бәрін саралап, салмақтап баяндап беретін, жеткеніміз бен алдағы міндеттерді айқындайтын құжат – Жолдау. Мемлекет бас­шысы Н.Назарбаевтың биыл­ғы Жолдауы да ел күт­кен жаңа­­лық­тарды айтып, ха­лық­тың бо­лашаққа деген сені­мін ны­ғайтып, тәуелсіз Қазақ­ста­нымыздың келешек келбетін тани түсуімізге оң әсерін тигізді.

Жолдаудың «бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» аталуы да көп­ұлтты Қазақстан халқының өзара бірлігін, татулығын, бола­шақты бірге құруға жұмыла атсалысуын меңзеп тұр. Руға, жүзге, жерге, ұлтқа бөлінбей, баршамызды «Қазақстан» деген ортақ мүдде біріктіруі қажет екендігін алға тартады. Жолдаудың тірегі – бірлік болса, одан әрі осыдан туындайтын негізгі тақырыптар, яғни ел болып даму жолындағы тапсырмалар айтылады. Ол тапсырмалар негізгі 10 бағытта топтастырылған. Мұның қай-қайсысының да ел дамуы үшін аса маңызды, қажетті екендігі белгілі.

Мысал үшін геология саласын алайық. Мен геолог емес­пін, тіпті, өндіріс саласының да ма­маны емеспін. Әйтсе де, мұ­най­лы өңірдің азаматы ретінде, аймақтың әлеуметтік-эконо­ми­ка­лық әлеуе­ті бізге жақсы таныс, БАҚ бет­терінен үнемі қадағалап отырамыз. Маң­ғыс­тауда мұнай мен газ өндіру көле­мі түсіп кетті. Бұл ең­бек күші­нің аздығынан немесе тех­ноло­гиялық тұрғыдан емес, жер қыр­тысындағы қазба байлықтар көлемінің төмендеуінен туған жағдай. Сондықтан өзге жерлерге геологиялық барлау жасап, кен байлықтарын анықтап, игеру қажет. Бұл бағытта жалпы қоз­ғалыс бар, әйтсе де, Жолдау осы қоз­ғалысты жандандырып, нақты жұ­мыстар жүргізуге серпін береді деп күтеміз. Сондай-ақ, Жол­дау­­дағы осы жолдар оқу орын­­дары­нан геолог мамандығын алып шы­ғып, қазір жұмыс таппай жүрген жастарымыздың үмітін үрледі.

Ал ауыл шаруашылығы – хал­қымыздың етене саласы, күнкөріс өзегі. Ғылым мен техника дами түскенмен, ауыл шаруашылығы өз маңызын жоймайды. Бірақ, бұл саланың да толыққанды деңгейде төрт аяғын тең басып кете алмай келе жатқаны жасырын емес. Мұндай тұстарды біз шиге шаншып сынай, кінәлап-күстәналай жөнелмей, тәуелсіздігін алғанына небәрі 23 жылға қадам басқан еліміздің әлі де болса үлгере алмай жатқан тұстары деп түсінгеніміз абзал. Қай нәрсенің де уақыты келеді. Биылғы Жолдауда ауыл шаруашылығы саласында аграрлық ғылымды дамыту арқылы елімізді экспорттаушы елге айналдыру тапсырмасының берілуі саланың бұдан арғы дамуына қолдау болмақ.

«Мемлекетіміздің тірегі – ба­қыт­ты жандар» дегендей, Жол­даудағы мемлекеттік және аза­мат­тық, әлеуметтік қызметкерлер жалақысының, студенттер шәкірт­ақы­сының өсуі халық ара­сына тез тарап, көңілдерді қуа­нышқа бөледі.

Маңғыстау Өнер колледжі – еліміз тәуелсіздік алған соң көп ұзамай құрылған, Отанымыздың өнерлі ұл-қыздарын баулуға қанатқақты талаптанған жас білім ордаларының бірі. Колледждің түлектері қазір облысымыздың білім беру орындарында, мәдениет мекемелерінде еңбек етіп жүр, тіпті, оларды Маңғыстаудың барлық ауылдарынан кездестіруге болады. Бұдан айтарым, колледж еліміздің білім беру саласына ән мен күйден, бейнелеу өнерінен сабақ беретін мұғалімдер дайындаса, мәдениет саласын аспапшылар, т.б. мамандық иелерімен толықтыруда. «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында осы екі сала Мемлекет басшысы Н.На­зар­баев назарынан тыс қалған жоқ. Өзге елдермен үзеңгі қағыстыра алатын мамандар дайындау үшін бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін қалыптастыру және мәдениетке қатысты саясаттың тұжырымдамасын жасау тапсырылды. Бұл тапсырмалар қос саланы жаңару, жаңғыру жолына түсіреді деп ойлаймыз.

Енді құзырлы орындар тарапынан іскерлік, тиянақтылық, жауапкершілік болуы қажет, ал барша отандастарымыз Жолдауға өзара татулық, бірлікті берік ұстану жағынан үлес қоса алады.

Аманбек СҮНДЕТОВ,

Маңғыстау Өнер

колледжінің директоры.

АҚТАУ.

Соңғы жаңалықтар