ҚР Ұлттық Паралимпиада құрама командасы спортшыларының Токиодағы жарыс кестесі жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
Паралимпиада жарыстарының толық кестесімен мына жерден көруге болады.
XVI жазғы Паралимпиада ойындары 24 тамыз – 5 қыркүйек аралығында өтеді. Қазақстан тарапынан: Сиязбек Далиев, Нұрәли Советқанов, Зульфия Габидулина, Роман Агалаков, Алия Рахымбекова, Нұрдаулет Жұмағали, Ержан Сәлімгереев (пара жүзу), Дастан Мұқашбеков, Салтанат Әбілқасымқызы (пара жеңіл атлетика), Аманжол Жанбота, Зарина Байбатина, Дәулет Теміржан, Даяна Федосова, Ануар Сариев, Ғалымжан Смағұлұлы (пара дзюдо), Спатай Бибарыс (пара каноэ), Нұрлан Домбаев, Нышан Өмірәлі, Кәмиля Досмалова (пара таеквондо), Давид Дегтерев, Раушан Қойшыбаева, Рахмеджан Хамаев, Гүлбану Абдыхалыкова, Алина Солодухина (пара пауэрлифтинг) және Айсұлу Жұмабаева (пара нысана ату) қатысады.