• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Оқиға 21 Тамыз, 2021

ШҚО-да орманда қалған жолаушылар құтқарылды

169 рет
көрсетілді

Бородулиха ауданында көліктері бұзылып орманда қалған 4 адам құтқарушылардың көмегіне жүгінуге мәжбүр болған, деп жазады Egemen.kz ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің ресми сайтына сілтеме жасап.

ТЖД мәліметіне қарағанда, 20 тамыз күні 4 адам, оның ішінде 1 бала жеңіл көлікпен Новошульба орманшылығы аумағында келе жатқан. Кенет көліктері бұзылып, олар жолда қалыпты. Азаматтар құтқарушылардың көмегіне жүгінуге мәжбүр болған.

«Оқиға орнына №21 өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлері дереу келіп, жолаушыларды Жаңа Шүлбі ауылына дейін жеткізіп тастаған. Зардап шеккен ешкім жоқ»,  делінген хабарламада.