Маңғыстау облысының аумағында ТМД Терроризмге қарсы орталығының бастамасымен өткізілетін «Каспий - Антитеррор-2021» бірлескен терроризмге қарсы оқу-жаттығуы шеңберінде Шекара қызметі өз бөлімшелерін қайта топтастыруды жүргізуде, деп жазады Egemen.kz ҰҚК Шекара қызметінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Техника легінің қозғалысы әскери полицияның алып жүруімен жүзеге асырылады. Жоспарлы оқу-жаттығулар екі кезеңде өтеді және 2021 жылғы 2 қыркүйекке дейін жалғасады», делінген ҰҚК Шекара қызметінің баспасөзі таратқан ақпаратта.
Оқу-жаттығудың мақсаты Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аумағында терроризм актілерін дайындау белгілерін анықтау және жолын кесу кезінде күштер мен құралдарды кешенді қолдануды бірлесіп пысықтау.