Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы облысына келді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Алматы облысына сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаев «Қайсар-2021» жедел-тактикалық оқу-жаттығуын тамашалайды. Сонымен қатар, Президент медициналық бұйымдар мен дәрі-дәрмектер, азық-түлік және майлау материалдарын шығаратын бірқатар өндірістік кәсіпорындардың қызметімен танысады. Ертең, 23 тамызда Мемлекет басшысы Алматыдағы жұмыс резиденциясында бірқатар іс-шаралар өткізеді, оның ішінде бейнеконференцбайланыс режимінде ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысады», деп хабарлады Берік Уәли.