Кабула халықаралық әуежайында «Талибан» радикалды қозғалысының өкілдерінің билікті басып алуына байланысты елден кетуге тырысқан тағы жеті ауған азаматы қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы Ұлыбритания Қорғаныс министрлігінің сайты мәлімдеді.
«Біз Кабулдағы тобырда қайғылы түрде қайтыс болған жеті ауған азаматшасының отбасына көңіл айтамыз», деді Ұлыбритания Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі.
Министрлік оқиға орнындағы жағдайдың күрделілігін атап өтіп, жағдайды тұрақтандыру үшін қолдан келгеннің бәрі жасалып жатқанын айтты.
22 тамызда АҚШ Мемлекеттік департаменті Кабул әуежайы өз аумағында жүргендерді эвакуациялау үшін 48 сағатқа жабылатынын мәлімдеді.