• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Президент 22 Тамыз, 2021

Мемлекет басшысы «Dolce» кәсіпорнының жұмысымен танысты

219 рет
көрсетілді

Президент Алматы облысына жұмыс сапары барысында «Dolce» компаниясының жұмысы мен шығаратын өнімдерімен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Компания басшылығы аталған кәсіпорын ел нарығында 1998 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанын айтты.

Бүгінгі таңда 372 адам еңбек етіп жатқан кәсіпорын 160-тан астам өнім шығарады. Олардың арасында қазіргі уақытта аса қажет медициналық қолғаптар, үш және төрт қабатты бетперделер, халаттар, дәрі-дәрмектер бар. Компанияның жылдық қаржы айналымы 8,4 миллиард теңгені құрайды.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев облыстағы денсаулық сақтау саласының жағдайы туралы баяндама тыңдады.

Алматы облысында коронавируспен күресуге арналған іс-шаралар аясында қысқа мерзімде 200 төсектік жұқпалы аурулар ауруханасы салынып, 180 жедел жәрдем көлігі мен 12 жылжымалы медициналық кешен сатып алынған. Облыстың 17 ауруханасы оттегі станцияларымен қамтамасыз етіліп, төсек-орындардың 45 пайызы оксигенотерапиямен қамтылған. Ем мекемесінде 17 компьютерлік томограф, 53 рентген, 75 Хай Флу, 606 желдету аппараты қосылып, жұмыс істеп тұр.

Бүгінде облыс халқының 649 мың тұрғыны екпенің І компонентін, 510 мыңы II компонентін салдырған. Бұл облыс халқының 60 пайызы вакцинамен қамтылғанын көрсетеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев облыс басшылығына өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақты бақылауда ұстап, вакцинация қарқынын назарда ұстауды тапсырды.