• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
22 Қаңтар, 2014

Израиль президентімен кездесу

300 рет
көрсетілді

Иерусалимде Израильге ресми сапары шеңберінде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбековті Израиль мемлекетінің Президенті Шимон Перес қабылдады.

 

Иерусалимде Израильге ресми сапары шеңберінде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбековті Израиль мемлекетінің Президенті Шимон Перес қабылдады.

Кездесуде Әділбек Жақсыбеков: «Біздің мемлекеттеріміз Қазақстан Рес­публикасы өз Тәуелсіздігін жария­­­лаған сәттен бас­тап дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Қазақстан Орталық Азия елдері арасында Тель-Авивте алғаш­қы болып өз елшілігін ашқан мемле­кет екенін атап өткім келеді. Бұл Қазақ­станның қазіргі уақытта жоғары саяси деңгейге көтерілген екіжақты ынтымақтастықты дамыту мен нығайту бойынша нық және ұзақмерзімді ниетін көрсетеді», деді және Израильдің Қа­зақстанның бастамаларына қолдау көрсетіп келе жатқаны, сондай-ақ, Азия­дағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес жұмысына белсенді қатысқаны үшін ризашылығын жеткізді.

Израиль Президенті көптеген жыл­­­дардан бері Қазақстан-Израиль қарым-қатынасының жемісті дамып келе жатқанына тоқталып, Қазақстан Нұр­сұлтан Назарбаевтың сыртқы және ішкі сарабдал саясатының арқасында Орта­лық Азиядағы бірден-бір қарқынды дамушы ел болып табылатынын атап өтті.

Шимон Перес Израильдің жоғары технологияларды дамыту саласындағы ынтымақтастыққа әзір екенін жеткізді. Әскери өзара іс-қимылға қатысты ол Қазақстан полигондарында екі ел қарулы күштерінің бірлескен оқу-жаттығуларын өткізу туралы ұсынысын білдірді.

Өз кезегінде Әділбек Жақсыбеков Қазақстанның әскери-өнеркәсіп саласында Израильмен инвестициялық және техникалық ынтымақтастықты кеңейтуге айрықша маңыз беретінін атап өтті. Сонымен қатар, ол «Бола­шақ­тың энергиясы» тақырыбында өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық ма­мандандырылған көрме­­­­сін Астанада өткізу идеясын қолда­ғаны үшін Израиль тарапына қазақ­стан­дықтардың алғысын жеткізгім келеді, сондай-ақ, израильдік компанияларды осы шараға қатысуға шақырамын», деді.

Қорғаныс саласындағы қазақ-израиль қатынасын дамытудың оң үдерісі ретінде өткен жылдың со­ңында Қазақстанның Израильдегі Елшілігі жанында әскери атташе аппаратының ашылғаны болып табылады. Бұл Қазақстан-Израиль әскери ынтымақтастық мәселелерін жедел және тиімді шешуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта Израильде тек қазіргі заманғы ғылыми-зерттеу және жоғары технологиялық өндірістік базасының иеге­рі ғана емес, Израиль экономикасы негізгі құраушыларының бірі болып табылатын қару-жарақ пен әскери техниканы шығару жөніндегі дамыған әскери-өнеркәсіптік кешен жұмыс істейді. Ал жалпы, Израиль қорғаныс өнеркәсібінің өнімдері әлемде сұранысқа ие. Қазақстан да солардың қатарында. Бүгінде «Rafael», «IMI» және «Elbit Systems», «ІАІ» және «Ness» сияқты Израиль әскери-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорындарымен байланыс орнатылған.

Қазақстан Қорғаныс министрі: «Бүгінгі таңда Қазақстан Қарулы Күштерінің дамуын айқындаушы үдеріс оны кәсіби­­­лендіру болып табылады. Қазіргі кезең­де соғыстардың түрлері мен оларды жүргізу әдістері өзгерді, ал онда қолданы­латын қару-жарақ пен әскери техника білік­тілігі жоғары мамандарды – әскери кәсіп­қой­ларды қажет етеді. Бұл ретте біз Израиль қарулы күштерінің жауынгер­лік даяр­лық тәжірибесін зерделеуге айрық­ша мән береміз», деді қабылдау қорытын­ды­сында.

Енді Ә.Жақсыбеков Израиль Қорға­ныс министрі М.Яалонмен кездесетін болады.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар