• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 23 Тамыз, 2021

АҚШ-та су тасқынынан 20-дан аса адам қаза тапты

162 рет
көрсетілді

Сенбіде АҚШ-тың Теннесси штатында басталған су тасқынынан кем дегенде 21 адам қаза тауып, 50-ден аса адам із-түссіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

АҚШ Президенті Джо Байден халыққа үндеу жолдап, табиғи апаттан зардап шеккен отбасыларға көңіл айтты. Сонымен қатар ол әкімшілік жергілікті халыққа «осындай қиын сәтте» кез келген көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Теннессидегі су тасқынына жұмадан бері жауған нөсер себеп болған. Кейбір қалада бір күндік жауын-шашын мөлшері бойынша рекорд жаңарған. Теннесси штатының төтенше жағдайлар агенттігі су тасқыны қаупінің үшінші деңгейін жариялап, тұрғындарды көлік жүргізбеуге, су басқан жолдардан аулақ болуға шақырды.

Ең қатты зардап шеккен ауданның бірі Хамфрис округіндегі Уаверли қаласы.